Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде Еңбек күні қарсаңында және КжТБ беру ұйымдары күні шеңберінде,мамандыққа кәсіби көзқарасты қалыптастыру мақсатында қаламыздағы №7 жалпы білім беретін жәйлы мектепке экскурсия жасалды.
Экскурсия барысында мектептегі мұғалімге жасалған жағдай мен оқушылардың оқуына жасалған жайлылық, қолжетімділік пен материалды техникалық жабдықтау таныстырылды. Экскурсия әр қатысушының мұғалім болуға деген ынтасын арттырып, кәсіпке деген құштарлығын қалыптастырды. Шараны ұйымдастырушы: Абдилдина Куляш Султановна.














