Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің саз бөлімінің онкүндік апталық аясында 19 ақпан күні арнайы аспап (қобыз) пәнінің оқытушысы Шакиржанова Ж.М. «Аспапта орындау» мамандығының білімалушысы Түгел Заринамен Н.Бакланова «Мазурка» шығармасын талдау тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты:Білімалушының ойнау шеберлігін арттыру, қою дыбыс шығаруды үйрету және ойнау шеберлігін жетілдіру. Ритіммен жаттығу жасау. Сабақ өту барысында білімалушы композитордың стилдік ерекшеліктерін айыра біледі және шығармаларының ритімін түсінеді.Сабақта білімалушыны сабаққа қызықтыру барысында түрлі әдіс - тәсілдер қолданылып, бейне баяндар көрсетілді. Жанна Шакиржанованың ашық сабағы өте жоғары деңгейде өтіліп, сабақ соңында білімалушымен кері байланыс жасалынып қорытындыланды.