Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің,музыка бөлімінің оқытушылары Досжанова Л.Ч. және Айтмағамбетов К.М ұйымдастыруымен “Туған жердің өнер тарландары” атты лекция - концерт өткізді. Б.Хамзин, Ә.Сарсенбаев, Б.Сауекенов, Қ.Деріпсалдин, А.Досжанов, Е.Нұрманғалиев секілді өнер тарландарының өмір жолымен,шығармашылығымен таныстырды.Кеште қызықты сұрақ - ойын ұйымдастырылып,сыйлықтар берілді.Оқушылардың туған жерге,Отанға,жалпы өнер әлеміне сүйіспеншіліген арттыру мақсатында өткізілген бұл концерт өз деңгейінде өтті.