Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні мерекесі қарсаңында "Еңбек аллеясы" жасалды. Шараның басты мақсаты: экологиялық жауапкершілікті қалыптастыруға және өңірді абаттандыруға бағытталған, келер ұрпаққа даналықты жеткізуді бейнелейді. "Еңбек аллеясына" колледж алаңына тал отырғызу шарасы ұйымдастырылды. "Еңбек аллеясында" колледжге еңбегі сіңген ардагер ұстаздар, педагогтер әулетінің өкілдері, әлеуметтік серіктестер мен жұмысшы мамандық өкілдерінің атаулы ағаштары егілді. Ағаш жанына отырғызған адамның аты жөні жазылған тақтайшалар орнатылды. "Еңбек алеясына" әлеуметтік серіктестеріміз Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебінің директоры Мукашева Кульназия Жумабаевна,
«Ақбота» бөбекжайының меңгерушісі Турсунова Ляззат Абдешевна, Абай Құнанбаев атындағы мектеп –гимназиясы директоры Қозбагарова Қарлығаш Серикбаевна және Колледж қабырғасында көп жылдық еңбек өтілімен зейнетке шыққан ардагер ұстазымыз, спорт саласын дамытуға зор үлес қосқан Таскаева Людмила Петровна қатысты. Тағылымды шараға
«Ұстаздар династиясын» танытанын Қолдасбаевтар әулетінің педагогтері де ат салысты. Олар: Әулеттің үлкені Қолдасбаева Зинаида Шәкірқызы - педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің құрметті профессоры,
Колдасбаева Екатерина Досановна біздің колледжіміздің орыс тілі пәнінің оқытушысы,
Шакиров Ерлан Асқарұлы колледжіміздің саз бөлімінің домбра класының оқытушысы және жұбайы Нұрғожина Айдана Фазылханқызы қазіргі таңда Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің студенті , Ақпараттық технологиялар пәнінің болашақ оқытушысы қатысты














