«Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының 2 курс ДМ -21 тобында 2025 жылдың 17-28 қараша аралығында «Спорттық медицина» тәжірибесі өтті.
Әдіскер Каппасова Шамшырак Еркиновна білім алушыларға алғашқы медициналық көмек көрсетудің әдіс-тәсілдерін, көмек көрсетудегі құрал-жабдықтар, соғып алу және буынның тартылуы, жаралар, мұрыннан қан кету, сүйектің сыну және шығу кезіндегі алғашқы көмек, бас жарақаты кезіндегі, қан кетудегі, көздің жарақаттануы, төтенше жағдайлар кезіндегі алғашқы көмектерді теориялық және тәжірибелік түрде көрсетіп, оқу тәжірибе кезінде білім алушылар бір-біріне тәжірибе жасап үйреніп, соңғы күні оқу тәжірибелерін қорғады.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/2103-kolledzhde-tken-sportty-meditsina-t-zhiribesi.html#sigFreeId671bc41b5a














