Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде 2026 жылдың 12 қаңтарынан бастап «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі», «Дене тәрбиесі және спорт», «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандықтарының 3-4 курс білім алушылары өндірістегі мемлекеттік тәжірибеден өтуде.
Тәжірибе барысында білім алушылар өздерінің теориялық білімдерін практикамен ұштастырып, сабақ өткізу, сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастыру және тәрбие сағаттарын жүргізу дағдыларын жетілдіруде. Әдіскерлер білім алушылардың сабақтарына, тәрбие бағытындағы іс-шараларына қатысып, кәсіби бағыт-бағдар беріп, әдістемелік қолдау көрсетуде.
Өндірістегі мемлекеттік тәжірибе болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, педагогикалық шеберлігін қалыптастыруға және еңбек нарығына дайын маман болып шығуына мүмкіндік береді.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/2127-ndiristegi-memlekettik-t-zhiribe-bastaldy.html#sigFreeIdcfcce8a51e














