Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 1курс БМ-11, БМ-12 топтарының білім алушылары қаламыздағы «Мәдениет сарайына» экскурсия жасады. Экскурсия барысында білім алушылар мәдениет сарайының жұмыс барысымен және үйірмелерімен танысты. Әр үйірме жетекшісі өз үйірмелері туралы кеңінен мәлімет берді. Экскурсияны топ жетекшілері Оралбаева Салтанат Усербаевна мен Абдилдина Кулаш Султановналар ұйымдастырды.