2020 жылы 28 қазанда 2020 жылдың қорытындысы бойынша «Арқалық қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ спорт саласындағы жоғары жетістіктерге қол жеткізген спортшыларға, жаттықтырушылар мен осы саланың қызметкерлеріне қала әкімінің атынан дипломдар табыс етілді.
«Арқалық қаласының 2020 жылғы үздік спортшылары» номинациясы бойынша 14 спортшы, «Арқалық қаласының 2020 жылғы үздік жаттықтырушылары» номинациясы бойынша 5 жаттықтырушы, «Арқалық қаласының дене шынықтыру және спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясында 10 адам марапатталды, осы марапатталушылардың қатарында Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің «Дене тәбиесі және спорт» пәнінң оқытушысы Жакупова Гулим Маликовнаға спорт саласындағы көп жылдық еңбегі үшін және колледждің «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының 3 курс студенті Муканов Ербол лайықты деп танылды. Марапатталушылар дипломмен және статуеткамен марапатталды.
Сейдакметова А.Н.