Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Қараша айының 09.11.2020-14.11.2020 аралығы «Гуманитарлық пәндер» ПЦК онкүндігі жарияланды. 09.11 күні ашылуы болды. 10.11 күні

«Білгірлер бәйгесі» (интелектуалдық сайыс) 1-курс білім алушылары арасында  Zoоm платформасы арқылы сағат 10:00-11:30-ға дейін онлайн өткізілді.

Қатысқан топтар: БМ-11, БМ-12, МД-11

Қатысушылар саны: 21

Өткізген: Абжанов А.Ж. Қапаров С.М. қазақ тілі және әдебиет пәні оқытушылары.

Шараның мақсаттары:

  1. Студенттерді қазақ тілінде ауызекі тілде еркін сөйлеуге үйрету; қазақша байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; сұрақтарға тез, дұрыс жауап беруді меңгерту, білімдерін шыңдап, ой-өрісін кеңейту;
  2. Студенттердің логикалық ойлау қабілеттерін,ауызша,жазбаша сөздік қорларын дамыту; монологты сөйлеу шеберліктерін жетілдіру;
  3. Студенттердің мемлекеттік тілге деген құштарлығын арттыру; отаншылыққа, мемлекеттік тілге деген құрметке, көптілді маман болуға тәрбиелеу, тілдің үштұғырлығын насихаттау.

Шараның әдісі: жеке сұрақ-жауап,сөз құрау, жұмбақ шешу,тақырыптық әңгіме құру-көркем сөз (монолог), мақал толықтыру, сауатты жазу, өлең шығару, мәнерлеп оқу.

Шараның түрі: сайыс

Шараның көрнекілігі: тапсырмалар жазылған қиықшалар, ватман, таблица, сабақтың эпиграфы жазылған плакат, слайд тақта, А.Құнанбаевтың портреті мен сөздері.

Сайыс мынадай кезеңдерден тұрды:

  1. «Ширату»
  2. «Қызық екен»
  3. «Шешуін тап»
  4. Логикалық сұрақтар
  5. Бейнесұрақтар

 

Жеңімпаздар:

1-орын – БМ-11 (97 ұпай)

2 орын – БМ-12 (69 ұпай)

3 орын – МД-11 (54 ұпай)