Қараша айының 11.11.2020 ж. «Гуманитарлық пәндер» ПЦК бірлестігінің он күндігі аясында Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы: «Лейтенант» Оразов Ниязбек Рамазанұлының «Автоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинақтау» тақырыбында БМ-12 тобына «Zoom» платформасы арқылы ашық сабақ өткізілді. Білі алушыларға Калашников автоматын жартылай бөлшектеу және жинақтау ретімен толықтай таныстырып өтті. Калашников автоматының (АК-74) бөлшектерінің атауларын білімалушыларға толықтай түсіндіріп, жан-жақты қарастырылып, талқыланып, өткізілді. АК-74 автоматының қауіпсіздік ережелеріне тоқталып кетті.
- Бөлшектер мен механизмдерді бөлшектеу ретімен қою керек.
- Бөлшектерді абайлап ұстау керек.
- Бір бөлшекті екіншісінің үстіне қоюға, соғуға және аса көп күш жұмсауға болмайды.
- Автоматты адамға бағыттауға болмайды.
Сабақ соныңда студенттермен Құнды.....Қиын......Қызық....... деген кері байланыс жасалып, әр білім алушы өз ойларымен бөлісіп, сабақтан алған әсерлерін айтып өтті.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/319-avtomatty-pulemetti-b-lshekteu-zh-ne-zhina-tau-ta-yrybynda-ashy-saba.html#sigFreeId6217361b77