Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде «Гуманитарлық пәндер» оқытушыларының он күндік апталық аясында педагогикалық институт және колледж білім алушылары арасында қашықтан «Болаттай шыдамды» онлайн жарысы өткізілді. Онлайн жарыс жалпыға бірдей өзін-өзі оқшаулау кезіңінде қалыптасқан дене тәрбиесі және спорт әуесқойларына арналған жаңа форматтағы спорттық іс-шара.

 

Жарыс қатысушылардың физикалық және спорттық дайындықтарын бағалау мақсатында үздіктерді анықтау үшін өткізілді. Онлайн-жарысты өткізу барысында келесі міндеттер қойылды: өзін-өзі оқшаулау жағдайында қатысушылардың денсаулығы, физикалық тонусы, спорттық рухын қолдау, қатысушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және танымал ету.

 

Қатысушы білім алушыларға жынысы бойынша уақытқа ер балаларға кермеге тартылып тұру, қыз балаларға планка жасау керек болды. Қатысушының спорттық тапсырманы (жаттығуларды) орындау процесін видео таспаға түсіріп WhatsApp мессенджері арқылы оқу орнының дене тәрбиесі оқытушылары ұйымдастырушы алқаға жіберді.

 

Онлай турнирдің жалпы төрешілігін дене тәрбиесінің оқытушысы Жакупова Гулим Маликовна жүзеге асырды. Аталған жарысқа қаламыздың 5 оқу орнынан 30 дан астам білім алушылары қатысты. Жарыстың қорытындысын төрешілер бейне түсірілімді хронометрлеу және талдау арқылы есептеді. Нәтижесінде ер балалар арасында

 

1-орынды Ардақұлы Ерасыл АПК командасы,

2-орынды Қасымхан Алмат АрМК командасы,

3-орынды Кресс Анатолий АПК командасы иеленді.

Қыз балалар арасында

1 орынды Ғиниятқызы Дариға ТГК командасы,

2- орынды Мираш Жансая АКК командасы,

3- орынды Қабдыбек Фарида ТГК командасы жеңіске жетті.

 

Жалпы командалық есепте

 

1 –орынды Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі,

2- орынды Арқалық политехникалық колледжі,

3- орынды Арқалық медицина колледжі жеңіп алды. 

 

Марапаттау рәсімі Zoom платформасы арқылы өтті. Онлайн жарыс жеңімпаздары мен жүлдегер иелерін колледж грамоталары мен және медальдармен марапатталды.

 

Сонымен қатар жарысқа қатысқан білім ордаларының дене тәрбиесі оқытушыларын колледж директоры С.О.Алматованың атынан белсенділік танытып ұйымдастырылған іс-шараға жауапкершілікпен ат салысқаны үшін алғыс хат берілді.

 

Ақпарат бөлімі