2020 жылдың 12 қарашасында Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Сайболова Аида Алимгерейқызы студенттер мен оқытушыларды «Есенинге арналған» әдеби қонақ бөлмесіне шақырды.
Елдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, іс-шара ZOOM платформасын қолдану арқылы онлайн режимінде өткізілді.
Шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы деректі фильмдерден үзінділер көрсетілді.
Мұғалім дайындаған презентациясында С.Есениннің орыс әдебиеті үлгілеріне нық енген ерекше жарқын және терең шығармашылық мұрасын аша білді. Әдеби сурет бөлмесіне қатысушылар С.Есениннің өлеңдерін орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде оқыды.
Іс-шара қорытындысы бойынша БМ-22 тобының студенттері Каби Мөлдір, Кенжегара Арайлым, Баймединова Айымгүлге дипломдар табысталды.
.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/331-eseninge-arnal-an-debi-ona-b-lmesi.html#sigFreeIdd8c850fb2e