Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Жоба жұмысы қорытындыланды

Назипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі жанынан құрылған «Жасампаз- жастар ұйымы» Қоғамдық бірлестігі Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің тапсырысы бойынша, жасөспірімдерге психологиялық қолдау көрсетуге арналған  «Өмірің өз қолыңда » жобасы бойынша жұмысты қорытындылады.

Жоба мақсаты: Жасөспірімдер арасында ерте жыныстық қатынастың зиянды жақтары және  адамның психосексуалдық ерекшеліктері жөнінде түсінік беру, өзінің қауіпсіздігі үшін жауапкершілік сезімін, өз тәртібі мен мінез-құлығын саналы түрде реттеу қабілетін қалыптастыру, ерте жүктіліктің жжәне жыныстық зорлық- зомбылықтың алдын алу.

Жоба шеңберінде атқарылған жұмыстар

  1. Жасөспірім қыз балалар арасында ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында білікті дәрігер мамандармен Брифинг
  2. Жасөспірім қыздардың жеке бас қауіпсіздігі үшін жауапкершілік сезімін, өз тәртібі мен мінез-құлығын саналы түрде реттеу қабілетін қалыптастыру, ерте жүктіліктің және жыныстық зорлық- зомбылықтың алдын алу тақырыптарыбында ата аналарға арналған Дөңгелек үстел.
  3. Мақсатты топтың өмірге деген көзқарастарын арттыруға арналған

Тренингтік сабақтар. 

8-10 сыныптар.

І-топ.№1,№2,№4 жалпы орта білім беретін мектептер.

ІІ-топ.№5,№6,№10 жалпы орта білім беретін мектептер.

ІІІ-топ.№3.№8.Родина жалпы орта білім беретін мектептер.

ІУ-топ.Қалаға қарасты ауыл

  1. «Біз бақытты өмірді таңдаймыз» жоба шеңберінде белсенділік танытқан мақсатты топ мүшелерін салтанатты марапаттау

қорытынды іс шарасы

Жоба нәтижесінде:

  • Мамандармен бифинг -1
  • Ата аналармен дөңгелек стөл-1
  • Жасөспірімдермен семинар тренинг - 2-
  • Қорытынды марапаттау іс шарасы -1
  • 100 дана ақпараттық жаднамалар,
  • 100 дана іс шара бағдарламасы
  • 30 дана ақпараттық плакаттар таратылды.
  • Жоба шеңберінде атқарылған барлық іс шаралар облыстық және қалалық  БАҚ және колледждің, қалалық білім бөлімінің ресми сайттары мен  әлеуметтік желілерде жарияланды;
  • Іс шаралар Арқалық қалалық теледидары «Арқа дидары» теле арнасынан көрсетіліп, Мақалалар «Торгай» газеттері,«Қостанай таңы», «Учительская +» газеттерінде жарияланды.

Қорытынды шараға барлық қала және ауыл мектеп психолгтары мен жасөспірімдер арасында өткізілген семинар тренигке белсене қатысқан оқушылар шақырылды. Қорытынды іс шара барысында қалалық білім бөлімі әдіскері психолг Қожахметова Жадыра Қуанышқызы қатысып, жобаның сапалы жүзеге асырылғанын айта келе барлық қатысушыларды жоба  шеңберінде көтерілген түйткілді мәселені одан әрі қарай жалғастыруды сұрады. Шара соңында жоба белсенділеріне қоғамдық бірлестіктің атынан Алғыс хаттар мен мадақтамалар және бағалы сйылықтар табысталды.Барлық мектептерге ерте жүктіліктің алдын алу және жасөспірімдерге психологиялық қолдау көрсетуге арналған А3 форматында жасалған  ақпараттық плакаттар таратылды.

Жоба өз мақсатына жетті. Алға қойған міндеттерді толығымен орындады. Жалпы жобаның көтеріп отырған мәселесі ауқымды. Дегенмен сол үлкен мәселені шешуге тамшыдай болса да септігіміз тисе жоба өз мақсатына жеткендігі деп білеміз.

 

 

«Жасампаз – жастар ұйымы» қоғамдық бірлестік төрайымы:

Оразова Гулхашима Куандыковна