Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

«Жас тарихшы-2020» қалалық тарих пәнінен олимпиада

 

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің қоғамдық пәндер оқытушыларының ұйымдастыруымен қараша 2020 жылы қалалық колледждердің І курс білім алушылары арасында  «Жас тарихшы-2020» қалалық тарих пәнінен олимпиада ұйымдастырылды. Олимпиада 2 кезеңнен тұрды: бірінші кезең білім алушы өзін таныстырса, екінші кезең тест тапсырмасын бір сағат ішінде орындап жіберу керек болды.

Барлық колледжден 20 білім алушы қатысты. Олимпиаданың мақсаты қазақ халқының өмір сүру дағдысы, тұрмысы, салт-дәстүрі жайлы білу, соны сақтап кейінгіге үйрету.  Олимпиаданың қорытындысы бойынша Балғабаева Аружан, Берік  Гүлдана І дәрежелі дипломмен марапатталса, Насирила Камила,  Иманбекова Лиза ІІ дәрежелі дипломмен, Қасымхан Алмат,  Қуанышбай Роза ІІІ дәреджелі диплом иеленді. Барлық қатысушылар сертификаттармен және жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.