Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Сыбайлас жемқорлық - заманмен бірге өсіп - өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады. Өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мен құқықтық сауаттылығын дамыту мақсатында «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі және үкіметтік емес ұйымы ресурстық орталығы «Социум Я» жемқорлыққа қарсы іс - шара өткізгені баршамызға аян.

 

Осындай шаралардың бірі  «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында бейнебайқау сайысы. Шараның негізгі мақсаты қоғамда құқықтық сауаттылықты көтеру және балаларға жемқорлықтың салдарымен түсіндіру болып табылады. Іс - шара барысында облыс бойынша  жиырма жеті колледж қатынасып, нәтижесінде  Арқалық қаласынан Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі жеңіс тұғырынан көрініп, жүлделі 2 – орынға ие болды. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 13 - қадамында да жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселелері нақты көрсетілген. Мұның барлығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді деп ойлаймын. Сондықтан, сыбайлас жемқорлыққа қоғам болып қарсы тұруымыз қажет, бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс.

 

Оразов Ниязбек Рамазанұлы