Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Арқалық қаласында автокөліктер үшін арнайы шара жүргізілді. Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің еріктілері «бетперде тағыңыз»  деген жазуы бар стикерлерді авто көліктердін артқы әйнектеріне желімдеді. Осылайша, акция ұйымдастырушылары жүргізушілер мен жолаушыларға  ой тастауды көздейді. Акция барысында  НКО (Нағыз көшбасшылар одағы) еріктілері стикерлерді қоғамдық және такси көліктеріне жабыстырды. Біздің ең бірінші мақсат – ол қала тұрғындарына пайдалы ақпаратты беру және азаматтардың назарын қарапайым талаптарға аударту. Сол талаптарды орындау оларды қауіпті вирусты жұқтырудан сақтайды.  

«-Коронавирус инфекциясынан қорғанудың ең қарапайым жолы- бетперде»,-дейді еріктілер. Бетперде тағуды насихаттау үшін еріктілер командасы Арқалық қаласындағы орталық базар маңына да барды. Тұрғындарға жабыстырма қағаздармен қатар маска таратылды. Ауқымды жобаны көлік жүргізушілері де қолдап отыр. Алдағы уақытта игі шара басқа мекемелер тарапынан да қолдау табады деген ойдамыз.

Бетперде тағып, карантин талаптарын сақтай отырып, алдымен біз тек өзіміз жайлы ғана емес, сонымен бірге, өзіміздің ең жақын жандарымыз, балаларымыз бен ата - аналарымыздың да қамын ойлаймыз. Өзіңіз бен отбасыңызды қорғаңыз, вирусты тоқтатуға көмектесіңіз! Бұл қазір әрқайсымыз үшін маңызды. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

 

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық

Колледжінің Жастар ісі жөніндегі

комитет төрағасы:

Оразов Ниязбек Рамазанұлы