Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Түп шежіресі сонау ежелгі түркіден бастау алатын «мың өліп, мың тірілген» қазақ халқы бағзы заманнан бері қаншама өзінің іргелі ел, қабырғалы қалпын, салиқалы салтын сақтап қалғаны – еркіндік сүйгіштік жігерінің, асқақ рухының арқасы.

Міне, биыл Қазақ елі тәңірі берген Тәуелсіздігінің, арайлы азаттығының жиырма тоғызыншы жылына қадам басып отыр. Бар ғұмырын бостандық үшін күреске арнаған боздақтардың жанкешті еңбегі мен ерен ерлігін еске алу мақсатында Арқалық қаласында Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің «Жастар ісі жөніндегі комитетінің» ұйымдастыруымен «Тұғырлы Тәуелсіздік» тақырыбында іс-шара өткізілді. Акция барысында қала тұрғындарынан сұхбат алынды.

Жергілікті тұрғындармен етене жақын байланыс орнатып, тұрмыс жағдайынан хабардар болдық. «Соңғы үш жылда Тәуелсіздік мейрамы жаңа жыл мерекесінің тасасында қалмады ма?» деген алғашқы сұрағымызға тұрғындардың пікірі екіге жарылды.

«Бар игілігіміздің бастауы болған тәуелсіздігімізді бағалап, ардақтау үшін тәуелсіздік мерекесіне дейін жаңа жыл мерекесіне қарқынды дайындалуға өркениетті түрде шектеу қойып, ауқымды түрде дайындық жүргізуді үкіметтік деңгейде қолға алуы тиіс деп санаймыз» деп өзіндік пікірлерін, ұсыныстарын білдірді, екінші тарап «Тәуелсіздіктің жаңа жыл тасасында қалмағандығын»,- айтқан болатын. Сындарлы тарихымызға шолу жасап, боздақтардың ерен еңбегі турасындағы сауалға жаңылмай жауап берген жастарымыз өз елінің шынайы патриоттарының қалыптасып келе жатқандығына көзімізді жеткізді. Акция соңында аға буын өкілдері «Ата - бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды болсын. Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай!» деген тілектерін білдірді.

Тәуелсіздігіміздің 29 жылдық мерейтойы құтты болсын! Ынтымағымыздың іргесі сөгілмей, мәңгілік ел болайық! Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы, егемен еліміздің ұрпағының еңсесі биік болып, көк аспанда қасиетті көк туымыз мәңгі желбіресін!

 

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық

колледжінің Жастар ісі жөніндегі

комитет төрағасы:

Оразов Ниязбек Рамазанұлы