Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Бүлдіршіндермен  өткен «Абай оқулары»

 

Н.Құлжанова  атындағы  Торғай  гуманитарлық  колледжінің  «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының  педагогикалық тәжірибе әдіскерлері Аубакирова Т.У., Білісбекова Д. Б.,Сейполинова А. Ж.  2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспарларына сәйкес 24.11.2020 жылы  әлеуметтік серіктестермен, яғни  балабақша бүлдіршіндерімен  А.Құнанбаевтың 175 жылдығына  арналған «Абай оқулары» қашықтан қалалық байқау ұйымдастырды.

Байқаудың негізгі мақсаты-Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның өлеңдерін,әндерін мәнерлеп айтқызу. Байқауға қаламыздың «Золотой ключик», «Ақбота», «Раушан», «Балдырған А», «Алпамыс» балабақшаларның 4-5 жасқа дейінгі бүлдіршіндері қатынасты. «Абай оқулары»  байқауына білдіршіндер жақсы дайындықпен келгендері байқалды.

Әділқазылар алқасының шешімі бойынша «Абай әндерінен» бас жүлдені «Алпамыс» балабақшасының бүлдіршіндері -Төлеу Қарақат,I орын - Сейлхан Айша, II орынды «Раушан» балабақшасының бүлдіршіні- Сұлтанбек Айпатша,  

 ІІІ орын «Ақбота» балабақшасының бүлдіршіндері- Салкен Айбала, Мираш Дамир, Қойшығара Аяжан, Айтбай Айдар, Кенжеғали Жанайым.

«Абай өлеңдерінен» бас жүлдені 4 жас аралығы «Алпамыс» балабақшасынан - Оңдаған Балнұр, I орын «Раушан» балабақшасы-Құлымбет Жансұлтан, I орын «Ақбота» балабақшасы- Төлеубай Аңсаған, II орынды «Золотой ключик» балабақшасы-Бауыржан Алдияр, III орынды «Золотой ключик»балабақшасы-Қойшыбай Еркежан, III орын «Алпамыс»балабақшасы- Төлеген Ерәділ, Марден Ұлжан, 5 жас аралығы- «Абай өлеңдері» I орын «Раушан» балабақшасы Жылқыбай Зере, I орын «Балдырған А»балабақшасы- Серғазы Санжар, II орынды «Алпамыс» балабақшасы- Қалижан Айым, Рауан  Нұрхан, Өмірсерік  Алмира, II орын -«Балдырған А» балабақшасы- Қабдіғалым Төреәлі, III орын «Балдырған А» балабақшасы – Еслан Ақжол, Жомарт Арнұр, белсенділік көрсеткені үшін сертификатпен «Балдырған А» балабақшасы- Алибек Данияр, Сабыржан Мерей, Қайыржан Аяулым  және жетекшілері де алғыс хатпен марапатталды. Біздің бастамамызға өз үлесін қосқан әлеуметтік серіктес бала-бақшалардың әкімшілігі мен басшыларына алғысымызды білдіреміз. Әрқашан үстемдеріңіз арта берсін!

 

 

Нургазиева Бакытира Акансериевна

Н.Құлжанова атындағы Торғай

гуманитарлық  колледжінің оқу

өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары