Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

«Патриоттық әндер» байқауы

 

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің педагогикалық тәжірибе әдіскерлері Назарова Г.К. Абдилдина К.С. 2020-2021 оқу жылында әлеуметтік серіктестермен  жасалынған жоспар бойынша  қала мектептерінің 3-4 бастауыш сынып  оқушыларымен  қашықтан  қалалық «Патриоттық әндер» байқауын 07-14 желтоқсан аралығында ұйымдастырды. Байқауға қала мектептері тегіс қатынасты. Байқау 2 кезеңнен тұрды. 1 кезең –таныстыру, 2 кезең – видео арқылы патриоттық әндерді жанды дауыста орындау.

Байқаудың қорытындысы 14 желтоқсан күні қашықтан онлайн форматта қорытындылады.

I дәрежелі дипломды- Кейкі батыр атындағы № 4 орта мектептің 3 сынып оқушысы-Хасен Адина, жетекшісі-Байшова Қ.А., I дәрежелі дипломды- А.Құнанбаев атындағы №6 мектеп гимназиясының 3 сынып оқушысы -Камал Нұрислам, жетекшісі- Бажыканова С.А., II  дәрежелі дипломды- Кейкі батыр атындағы № 4 орта мектептің 3 сынып оқушысы-Шахмұрат Мақсұтбек, жетекшісі-Байшова Қ.А.,III дәрежелі дипломды - А.Құнанбаев атындағы №6 мектеп гимназиясының 3 сынып оқушысы-Киекбаева Ақнұр, жетекшісі- Бажыканова С.А, III дәрежелі дипломды-А.Құнанбаев атындағы №6 мектеп гимназиясының 3 сынып оқушысы- Бекет Ерхан, жетекшісі- Жаканова А.У., сонымен қатар, белсенділік көрсеткені үшін Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің 4 сынып оқушысы-Мейрамхан Елжас, жетекшісі- Сарымсакова А.Б., Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің 4 сынып оқушысы-Ақылбек Азат, жетекшісі- Сейлбекова Б.Т. мақтау қағаздарымен жетекшілері алғыс хатпен марапатталды.

        

 

Нургазиева Бакытира Акансериевна

директордың оқу өндірістік жұмысы

жөніндегі орынбасары