Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

 

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында  2020 жыл 23 ші желтоқсан күні Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің ұйымдастыруымен үздіктердің үздігін анықтайтын колледж жастарының "Алтын кітап" иегерлерін марапаттау салтанатты кеші өтті.

"Алтын кітапқа" енген ескірмес есімдер- түрлі тартыстарда топ жарып жүрген таудай таланттар, абыройы асқақ азаматшалар.

✅ ТГК алтын  кітап лауреаттары мәртебесі келесі бағыттар бойынша берілді:

Білім саласында жеткен жетістіктері үшін

Спорт саласында жеткен жетістіктері үшін

Мәдениет және өнер саласында жеткен жетістіктері үшін

Жас көшбасшы

Жас ғалым

Тәуелсіздігіміздің 29 жылдығына орай өткізіліп отырған салтанатты іс - шарамыз Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік  әнұранымен басталды.

        

✅ Салтанатты кешке Арқалық қаласындағы "Арқа дидарының" журналисттері шақырылды. "Алтын кітап" иегерлеріне және қонақтарға арналған кешіміз колледж директоры

✅ Алматова Сандугаш Орекенқызының құттықтау сөзімен басталды, білім орда студенттеріне ақ жол тіледі.

✅ Елімізде орын алып жатқан індетке байланысты барлық сақтық шаралары қатаң сақталды.

     

 "Алтын кітапқа" енген колледжіміздің 8 студенті

✍Сардарова Гүлнұр Жабайқызы

✍Сейтқұл Манас Жалғасұлы

✍Бертағина Айым Бауыржанқызы

✍Мұңлыхан Гүлбағдат Кәкенқызы

✍Кәкімжан Аягөз Кәкімжанқызы

✍Қаби Мөлдір Әбілхамитқызы

✍Сапар Ұлпан Қайырғалиқызы

✍Ахметжан Диана Рахымжанқызы.

            

"Алтын кітап" иегерлерін шын жүректен құттықтаймыз! Жыл сайын бұл бастама жалғасып тауып, өрендердің қатары толыға берсін!

 

✅ Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы:    Оразов Ниязбек Рамазанұлы