«Қадағалау және байқау» тәжірибесі
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының I курс МД-11 тобының білім алушыларымен 01.12-28.12.2020 аралығында қашықтан «Бақылау және байқау» тәжірибесі ұйымдастырылды. Тәжірибені әдіскерлер Т.У.Аубакирова және З.Р.Хасенова жүргізді. Педагогикалық тәжірибенің алғашқы күндерінде әдіскерлер білім алушыларға балабақша өмірі, тәрбиешілерде болатын құжаттармен, оқу қызметтерінің түрлерімен таныстырды.
Балабақшадағы әр топтағы оқу қызметінің ұзақтығымен,топта өтетін іс-шараларды ұйымдастыру жолдарымен таныстырды. Ашық сабақтар өткізіп білім алушылармен талдау жұмыстарын жүргізді. Келесі жетіде білім алушылармен бірлесе отырып, оқу қызметіне жоспар жасауды, іс-шаралар өткізуді үйренді
Нургазиева Бакытира
директордың оқу өндірістік жұмысы
жөніндегі орынбасары
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/389-ada-alau-zh-ne-baj-au-t-zhiribesi-2.html#sigFreeId9e77c0b3ef