«Заманауи жас маман» байқауы
Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің тәжірибе әдіскерлері Акылбекова Л.Б. мен Издибаева Д.М. қалалық қашықтан бастауыш сынып мұғалімдері арасында «Заманауи жас маман» байқауын ұйымдастырды. Байқауға қаламыздың барлық мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатынасты. Байқау 2 кезеңнен тұрды. 1 кезең – Презентация арқылы таныстыру, 2 кезең- Жаңа үлгідегі бейне сабақ.
Мұғалімдер байқауға жақсы дайындықпен келгендерін көрсете білді.
I орынды-А.Құнанбаев атындағы №6 мектеп гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі-Қапсалықова Саяжан Қасқырбекқызы, II орынды-Кейкі батыр атындағы №4 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі-Жатканова Жазира Галымбаевна, III орынды-Ш.Уәлиханов атындағы №1орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі-Өтей Назерке Болатқызы иеленіп, мақтау қағаздарымен марапатталды. «Заманауи жас маман» байқауына қатынасқан қала мектептерінің мұғалімдеріне алғысымызды білдіреміз.
Нургазиева Бакытира Акансериевна
директордың оқу өндірістік жұмысы
жөніндегі орынбасары
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/395-zamanaui-zhas-maman-baj-auy.html#sigFreeIdef017ce26a