Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының педагогикалық тәжірибе әдіскерлері Хасенова З.Р., Насрединова А.Е. әлеуметтік серіктестер «мектепке дейінгі ұйымдардың» яғни, балабақшалардың ата-аналары арасында әке мен балаға арналған қашықтан «Көңілді мәре» сайысы ұйымдастырды. Сайысқа «Золотой ключик», «Ақбота», «Раушан», «Балдырған А», «АйАли» балабақшаларының ата-аналары қатынасты.
 
Көңілді мәре сайысы 7 кезең бойынша өткізілді.
I кезең- «Таныстыру»,
II кезең- «Асық ату»,
III кезең – «Шар лақтыру»,
IҮ кезең – «Пингвин» (доппен жүгіру),
Ү кезең – «Ертегіні сомдау»,
ҮI кезең - «Қолдың күшімен жерден итерілу»
ҮII кезең- «Қаражорға» биі.
 
Сайысқа ата-аналар да, бүлдіршіндер де өте жоғары дәреже де дайындалғандарын көрсете білді. Қашықтан дайындап жіберілген бейне роликтердің қорытындысын әділ-қазылар алқасы қорытындылады. Әділ- қазылардың шешімі бойынша Бас жүлдені – «Ақбота» балабақшасының тәрбиеленушісі мен әкесі- Шалабайұлы Азат-Шалабай Айбат, I орынды «Золотой ключик» бөбекжай балабақшасының тәрбиеленушісі мен әкесі – Аширалиев Руслан – Аширалиев Арсен, II орынды- «АйАли» балабақшасының тәрбиеленушісі мен әкесі- Кусаинов Шокан- Шоқанұлы Әлинұр, III орынды - «Раушан» балабақшасының тәрбиеленушісі мен әкесі- Жусупбеков Қайырбек- Разах Бекдиар, белсенділік көрсетіп, қатынасқаны үшін «Балдырған А» балабақшасының тәрбиеленушісі мен әкесі- Абай Азат-Муканов Расул,
Досымхан Мирас-Махатов Байдақ, Бақытжан Нұрдаулет-Төлегенов Бақытжан,Қойшыбай Аннур- Қоянбаев Кенжегүл, Қанат Жәнібек-Оспанов
Амангелді,Серғазы Санжар-Серғазы Абай, Еслан Ақжол-Таурбаев Айдос, Тұрғынбек Шыңғыс - Кажеков Руслан, Қабдікәрім Зере-Қалиев Жеңіс, Серік Бекзат-Бердибаев Асылбек, Балтабай Бекжан-Сайдильдин Жасулан, Бауыржан Ислам-Какенов Еркін, Жылкелдина Аяжан-Баязи Алмас қатынасты. Сайыскерлерді және жетекшілерін әділқазы алқалары бағалы сайлықтармен және мақтау қағаздармен марапаттады.
Сайысты ұйымдастырған әдіскерлеріміз З.Р.Хасенова мен А.Е.Насрединоваларға әлеуметтік серіктестермен тығыз қарым-қатынас жасап осындай жақсы іс-шара ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіре отырып, жұмыстарына шығармашылық табыс тілейміз.
 
Нургазиева Бакытира Акансериевна
Н.Құлжанова атындағы Торғай
гуманитарлық колледжі директорының
оқу өндірістік жұмысы
жөніндегі орынбасары