2021 жылдың 22 қаңтар күні Назипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі қабырғасында, әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес «Жаңартылған білім беру мазмұнының мақсатын іске асыру құралы ретінде білім беру үдерісінде жобалық оқыту әдісін белсенді пайдалану» тақырыбында қалалық онлайн тәжірибелік семинары болып өтті.
Семинар мақсаты:
- Жаңартылған білім мазмұнына сәйкес оқытушылардың тәжірибесін жетілдіру, жоба әзірлеудің ұйымдастырушылық, әдістемелік және практикалық аспектілерін ұсыну;
- Оқытушылардың жаңартылған бағдарлама аясында жобалық оқыту әдістерін пайдалану белсенділігін арттыру.
Міндеттері:
- Жобалық оқыту әдістерінің ерекшелігін талдау;
- Жобалау әдісін жүйелі түрде қолданып, нәтиже көрсетіп жұрген оқытушылардың тәжірибесін көрсету.
- Оқытушылардың іс-тәжірибесінде жобалық оқыту әдісін белсенді қолдану жолдарын қарастыру
Семинарға э.ғ.м Едресова Камшат Галымжановна - колледж директорыныңоқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары модераторлық етті.
Семинар бағдарламасында:
- . Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің директоры Алматова Сандуғаш Орекеновнаның алғы сөзі тыңдалды.
- «Ғылыми жобаны жазуда қойылатын талаптар мен кезеңдері» - Шеберлік сыныбы. Ы. Ылтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогика институтының аға оқытушысы. т.ғ.м. Байбосын Ләйля Сәндібекқызы
- «Әлеуметтік жобаларды құру жолдары мен алғышарттары» - Шеберлік сыныбы. Оразова Гулхашима Қуандыковна Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің әдіскері, колледж жанынан құрылған «Жасампаз-жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы
- “Стартап жоба жасау және табысты бизнес” – Шеберлік сыныбы. Ахметжанов Амангельди Серикович. Жастар азаматтық бастамалар орталық қоғамдық бірлестігінің координаторы баяндамалары тыңдалды
Семинар ЗУМ платформасында онлайн өткізілді. Семинар соңында ашық микрофон арқылы тыңдаушылар сұрақтарына жауаптар алынды. Кері байланыс чатқа пікір қалдыру бойынша алынды. Семинар мазмұнды өтті, тыңдармандар өздеріне жобалар туралы қажетті тың ақпараттар алды.
Ұйымдастыру алқасы
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/399-zhobaly-o-ytu-disi-bojynsha-alaly-onlajn-seminar.html#sigFreeId9d07b802c9