«Байқау және қадағалау» тәжірибесі
Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының МД-21 тобында19.01.-15.02.2021 ж. қашықтан «Қадағалау және байқау» педагогикалық тәжірибесі өткізілуде. Педагогикалық тәжірибені әдіскерлер Хасенова З.Р., Білісбекова Д.Б., Сейполинова А.Ж. ұйымдастыруда. Мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тәрбие бағдарламаларының құрылымы, мазмұны және жоспарлау жұмыстары, тәжірибенің құжаттары, тәрбиешінің балалармен ұйымдастыратын іс-әрекет түрлері және оларға қойылатын дидактикалық, әдістемелік талаптар, диагностика жасау, өзін-өзі тану процесін ұйымдастыру, қойылатын талаптарды орындау жұмыстары арқылы түсінік беру және білім беру салалары бойынша оқу қызметіне байланысты бейне сабақтар өткізу жоспарланып, талдау жұмыстары жүргізілуде .
Нургазиева Бакытира Акансериевна
директордың оқу-өндірістік жұмысы
жөніндегі орынбасары
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/401-baj-au-zh-ne-ada-alau-t-zhiribesi.html#sigFreeId77c3a1db24