Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Жас талап-2021 байқауы

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің білім алушылары әркез өнер биігінен көрініп келеді. 

Жас таланттарымыздың өнердегі қадамдарын шыңдап, жаңа есімдерді жарыққа шығару мақсатында өткізілетін «Жас талап-2021» дарындар додасы биылғы жылы да өз жалғасын тапты. Жүзден жүйрік шыққан жас өрендер

🕺 хореография өнері,

🎙🎼 вокал,  

🎹 аспаптарда ойнау шеберлігі,

🎭 театрлық өнер,

🎬 авторлық ән, авторлық өлең,

🪕айтыскер ақындық өнері,

📘 жүргізушілер аталымдары бойынша өзара бақ сынасты.

✅ Әр топ 25-30 минут көлемінде  аталған номинациялар бойынша концерттік бағдарламаларын көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

✅ Сайысқа төрелік ету үшін құрылған комиссия құрамы сахна тәртібін қатаң қадағалай отырып өнерпаздарымызды әділетті бағалап, әр номинация үздіктері марапатталып, жүзден жүйрік шыққан топтарға дипломдар табыс етілетіні атап өтілді.

✅ Ұлттық құндылықтарымыздың насихатталуы, өнеріміздің шарықтауы біздің елдің дамуына зор үлес қосары сөзсіз. Өнер — біздің рухани қазынамыз! 

✅ Қиын кезеңге қарамастан, жағдайға бейімделіп, өз міндеттерін лайықты атқаруды жалғастырып отырған барша ұстаздар қауымына, әріптестеріме алғыс айтамын!

✅ Талантты жас буынның талпыныстары жоғары. Алдағы уақытта биіктен көріне беруіне тілектеспін. Болашағынан зор үміт күттіретін өрендерге сәттілік серік болғай.

 

Н.Құлжанова атындағы Торғай

гуманитарлық колледжінің

Жастар ісі жөніндегі

комитет төрағасы

Оразов Н.Р.