Шағын орталықтарда өткен мемлекеттік тәжірибе
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 3-4 курс білім алушылары 12.01-22.02.2021ж. аралығында тұрғылықты жерлерінде және қаламыздағы Кейкі батыр атындағы № 4 орта мектептің шағын орталықтарында мемлекеттік тәжірибелерін өткізуде.
Тәжірибе барысында білім алушыларымыз оқу тәрбие жұмыстарын, оқу қызметтерін ұйымдастыруда. Білім салалары бойынша сабақтарда ақпараттық технологиялар, қажетті көрнекі құралдар, дидактикалық материалдар, Монтессори әдістерін қолдану арқылы сабақтарды түрлендіріп өткізуде. Машықкерлер оқу қызметтерін бейне сабақтарға түсіріп, әдіскерлерге талдауға жібереді, әдіскерлер білім алушылармен кері байланыс жасайды. Мемлекеттік тәжірибе аяқталғаннан кейін әдіскерлер білім алушылармен қорытынды конференция ұйымдастырып, бағалайды.
Нургазиева Бакытира Акансериевна
директордың оқу өндірістік жұмысы
жөніндегі орынбасары
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/419-sha-yn-ortaly-tarda-tken-memlekettik-t-zhiribe.html#sigFreeId84b88a721c