Мемлекеттік тәжірибе
Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің «Бастауыш білім беру» мамандығының 3-4 курс білім алушыларының БМ-31, БМ-42 топтарында 19.01.-01.03.21 оқу жылы аралығында Мемлекеттік іс-тәжірибелері тұрғылықты жерлерінде және қаламыздағы Кейкі батыр атындағы № 4 орта мектепте ұйымдастырылуда. Машықкерлеріміз 1 сыныптың кезекші сыныптарында педагогикалық тәжірибелерін өткізуде.
Тәжірибенің алғашқы күнінде білім алушыларымыз мектеп тарихымен, мұғалімнің құжаттарымен, сынып оқушыларымен, 3 күн мұғалімнің сабақ беру әдіс-тәсілдерін бақылап, қадағалады. 3 күннен кейін жылдық календарлық-тақырыптық жоспар бойынша оқушыларға өздері сабақ берді және тәрбие сағаттарын ұйымдастырды. Тәжірибе барысында білім алушыларымыз ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары, ата-аналар жиналысын ұйымдастыру жоспарлануда. Машықкерлерімізге мемлекеттік тәжірибелерін жақсы аяқтауларына тілектеспіз.
Нургазиева Бакытира Акансериевна
директордың оқу өндірістік жұмысы
жөніндегі орынбасары
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/420-memlekettik-t-zhiribe.html#sigFreeId84b88a721c