Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі Жанкелдин ауданына қарасты мектептердің 9-11 сынып оқушыларымен 17.02.2021 «Ашық есік» күні өткізілді. Ашық есік күнінің негізгі мақсаты- бітіруші түлектерді колледжге оқуға шақыру.
Ашық есікке Ғ.Қайырбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі, Қ.Қайдосов атындағы жалпы білім беретін мектебі, Қ.Жармағанбетов атындағы жалпы білім беретін мектебі, Шұбалаң негізгі мектебі, Албарбөгет жалпы білім беретін мектебі, Амангелді жалпы білім беретін мектебі, Жанкелдин жалпы білім беретін мектебі, Сарысу негізгі мектептерінің түлектері мен сынып жетекшілері қатынасты. Колледждің оқу ісі жөніндегі орынбасары Р.Мамбетов, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Турганова Ж.С., оқу өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Нургазиева Б.А. кадр бөлімінің меңгерушісі және қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Сейткожина А.С. оқушыларға колледж тарихы, мамандықтары, тапсыратын емтихандар, құжаттар туралы және колледжіміздің жетістіктері туралы мағлұматтар берілді. Түлектерден сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. «Ашық есік» күні әлі де жалғасын табады.
Нургазиева Бакытира Акансериевна
директордың оқу өндірістік
жұмысы жөніндегі орынбасары
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/452-ashy-esik-k-ni-222.html#sigFreeIdf443c112e0