Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Ауған соғысы – біз үшін тарихи күн. Бүгініңді бүлдіріп қана қоймай, болашағыңа да балта шабатын 10 жылға созылған бұл соғыс дәл осы күні, яғни 1989 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шыққан күні. Биыл міне 32 жыл болыпты. Әрине, базбіреулер үшін бұл күн қатардағы күннің бірі ғана шығар, ал біз үшін – тарихи күн! Тағдырлы күн! Бұл күн – сол кездегі елге ағылған темір табыттардың тоқтаған күні! Бұл күн – жанары жасқа толы жесірлер мен жетімдердің, қара жамылған аяулы аналарымыздың жалғыз ұлын жоқтаған күні.

 

Осы орайда Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің «Жас сарбаз» әскери патриоттық үйірме белсенділері Ауған соғысына қатынасып, қасіретті соғыстың қиыншылығын көрген ардагерлермен кездесіп қайтты. Аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батырлықпен ерен үлгісін көрсеткен қаһарман ағаларымыз бүгін біздің ортамызда. Арқалық кеден қызметі бастығы, ауған ардагерлер кеңесінің төрағасы Бальдиков Марат Батырханович және Май инспекторы қызметін атқарушы, подполковник! Қазіргі уақытта міндетті демалыста Кунаков Тимур Шамилевич. Бүгін өзімізбен бірге елінің көсегесін көгертуге атсалысып жүрген ауғандық ардагерлер жауынгерлерді қадірлеп – құрметтеу біздің борышымыз. Біз кітаптың бетінен ғана оқып білген бұл соғыс туралы, олар өз көздерімен көріп, ел мүддесін қорғағандығы туралы шер тарқатты. Қаншама қазақстандықтар қаза тапты, іс – түссіз жоғалып кетті. Бұл күн көңілде сызы, жүректе ізі қалған ауыр да азапты жылдар естелігі. Бұл күн біздер үшін қайғы болып қатталып, қасірет болып жатталып қалса да тәуелсіз қазақстанның әрбір күні бейбіт өмірдің бесігінде тербетіліп әрбір үйдің түтінің түзу шыққанын тілейтін біздер үшін, санамызда қанмен және термен жазылған күн болып қала бермек! «Ерлік – жан – дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі,  жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жауызымен елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышу — бір ғанибет емес пе? Ер қуаты – қару болса, ел – қуаты батырлары, сақадай сарбаздары мен сардарлары. Халық қашанда қаһарман ұлдарын пана тұтқан. Отан үшін күрес, елге тиген үлес. Осындай бейбіт өмір сүруіміз үшін аянбай жанын қиып, қанын төккен батырларымыздың арқасы!

 

Алғашқы әскери дайындық пәнінің

оқытушысы:     

Оразов Ниязбек Рамазанұлы

Арқалық қаласы