Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және ұлт қайраткері этнограф-ғалым Өзбекәлі Жәнібековтың туғанына 90 жыл, Ұлы даланың ұстазы атанған Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған «Ұлттық құндылықтар тәрбие бастауы ретінде: мәселелері мен шешу жолдары» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті. Шараны Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының келісімімен Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі қолға алып өткізді. Игілікті бастамаға еліміздің барлық өңірлерінен (Нұр-Сұлтан, Алматы, Жаркент, Қызылорда, Тараз,Түркістан, Ақтөбе, Атырау, Каспии, Жезқазған, Қарағанды, Қостанай) өңірлерінен 300 ге жуық жұмыс келіп түсті. Сарапшылар тобының іріктеуінен 200 жұмыс жинаққа енгізілді.
Конференцияның мәні мен мақсаты:
Бүгінгі еліміздің рухани жаңғыруына кепіл болған тәуелсіздігіміз біздің басты құндылығымыз, ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Қазіргі жаһандану жағдайында тәуелсіздігімізді сақтай отырып, ұлттық мәдениет пен дәстүрлі құндылықтарды жаңғыртып және оны әрі қарай дамыту мәдениетті адамның белгісі. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды.
Сондықтан, конференцияның негізгі мақсаты – ел тәуелсіздігін ұлттық басты құндылық ретінде насихаттай отырып, жастарды тәрбиелеудегі ұлттық педагогикамыздың маңыздылығы мен мәнін ашу, сондай-ақ тәуелсіз еліміздің мәдениеті мен ұлттық құндылықтарын дәріптеуге және сақтауға үлес қосқан қоғам қайраткері, этнограф-ғалым Өзбекәлі Жәнібековтың және қазақтың тұңғыш ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсариннің еңбектерін зерделеу. Қазақ қоғамының ұлттық ерекшелігін көрсету
Конференцияның негізгі бағыттары:
1 секция. Ұлттық педагогика: қалыптасуы, қазіргі жағдайы мен даму перспективалары
2 секция. Ұлы даланың дара ұстазы Ы.Алтынсарин
3 секция. Қазақ мәдениеті және Өзбекәлі Жәнібеков тағылымы
Конференция екі күндік бағдарламамен жұмыс жасады. Алғашқы күні өткізілген үш бағыт бойынша өткізілген секциялық жұмыста 15 адам баяндама жасады. Пленарлық отырыста 8 адам баяндама жасады.
Пленарлық отырыста Түркістан облысы, Түркістан қаласынан, Өзбекілі Жәнібековтын немере қарындасы, Этнопедагогикалық колледж директоры, жоғары санатты оқытушы, ҚР білім беру ісінің үздігі, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері, Серім Айғаным Абанқызы.,
Астана қаласынан, «Тұран-Астана» университетінің профессоры, білімтанушы, ғылымтанушы, руханияттанушы Алиев Орақ Жолмырзаұлы
Ақтөбе қаласынан, Баишева Университеті экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. Мүсіров Ғалым Мүсірұлы,
Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин атындағы мемориалдық мұражайының басшысы Оспанов Марғұлан Бақытбекұлы
Қостанай облысы, Арқалық қаласынан аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі, АрқПИ доценті, Абдуллина Ардақ Амирхановна Қостанай қаласы Қостанай гуманитарлық колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Мешелова Роза Жарасбаевна., баяндама жасап, конференция қатысушыларына құнды ақпараттар берді.
Конференция жұмысына қатысушылар ерекше белсенділікпен қатысты және конференция тақырыбының өзектілігіне тереңірек тоқталды. Конференция жоғарғы дәрежеде өткізілді, оған дәлел республиканың барлық аймақтарынан ниет білдірген қатысушылардың ыстық лебізі мен тілектері. Тағылымды іс шара, қатысушыларға үлкен серпін бергенін аңғардық.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/484-respublikaly-ylymi-t-zhiribelik-konferentsiya.html#sigFreeIda1eaacc750