Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының  3- 4 курс білім алушылары 12.01-22.02.2021 оқу жылы аралығында Мемлекеттік педагогикалық тәжірибеден өтті. Білім алушыларымыз тәжірибелерін  қала, аудан мектептерінің шағын орталықтарында, балабақшаларда өткізді.

 

Кейкі батыр атындағы № 4 жалпы орта білім беретін мектептің шағын топтарында, Б.Майлин атындағы № 3 жалпы орта білім беретін мектептерде және Жанкелдин, Амангелді аудандарына қарасты мектептерде ұйымдастырылды. 

 

Қорытынды кезеңде оқу қызметі бойынша топ жетекшісінің, әдіскердің  мінездемесін алып, педагогикалық тәжірибе бағдарламасында көрсетілген есеп беру құжаттарын дайындады. Білім алушылар тәжірибенің колледжде өтетін қорытынды конференцияға дайындалуда.

 

                                                                     Нургазиева  Бакытира  Акансериевна

                                                                       директордың оқу өндірістік жұмысы

                                                                       жөніндегі орынбасары