«ЖАС ҒАЛЫМ-2021»
облыстық студенттік ғылыми- жобалар байқауының
ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы ММ келісімімен ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжі» жеке мекемесі«Тәуелсіз Қазақстанның даму факторы ретінде студент жастардың интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыру» тақырыбындағы«Жас ғалым-2021» облыстық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясын ұйымдастырып өткізді.
7 бағыт бойынша өткізілген тартысты шараға Арқалық қаласы Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі де ат салыса қатысты. Нәтижесінде: «Бастауыш білім беру» мамандығының 2 курс студенті Қалдыбайқызы Аруна 7 бағыт бойынша жүлделі 1 орынды жеңіп алды, жетекшісі Оразова Г.К. «Арнайы пәндер» оқытушысы.
1 бағыт бойынша «Бастауыш білім беру» мамандығының 1 курс студенті Қуанышбай Роза «Қолданбалы мән» номинациясын иеленді, жетекшісі Ерік Ж.Р. «Физика математика» пәні оқытушысы.
Осы тартысты додаға белсенділік танытып, өз студенттерін бәйгеге қосқан колледж оқытушылары Ерік Ж.Р, Насрединова А.Е, Едресова К.Ғ, Оразова Г.К алғысымызды жолдаймыз.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/493-543214231.html#sigFreeId811d904953