Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Кештің мақсаты: Студенттердің  «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру; үлкен - кішіге деген сүйіспеншіліктерін, сыпайылық қарым - қатынастарын дамыту; әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу. «Алғыс айту күні» ұғымының мағынасын ашу үшін бұл ұғымдар маңызды болып табылады, олардың әрқайсысын дамыту үшін мәдени құндылықтар мен адами қарым-қатынасын қалыптастыру; шығармашылық қабілеттерін, мәдени және этикалық төзімділік пен іскерліктерін дамыту қажет.

 

Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған болатын.1995 жылдың 1 наурызында елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды.  2015 жылы Ассамблеяның жиырма жылдығын мерекелеу аясында Мемлекет басшысы бұл күнді халықтардың бір-біріне және қазақтарға көптеген халық елге күштеп қоныстандырылған кезде төзімділік пен қонақжайлылық танытқаны үшін алғыс білдіретін күн деп жариялауды ұсынды.

 

Ендеше бүгін - Қазақстанда Алғыс айту күні. Сондай-ақ, бүгін – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні. Президент Алғыс айту күні туралы: «Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын Барлық этностардың бір-біріне мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деген болатын.Елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері бір үйдің баласындай ғұмыр кешіп жатыр. Қазақстан – азаматтық келісімді, түрлі мәдениеттер мен діндерді тоғыстырған көпұлтты, зайырлы мемлекет.Осы мерекеге арналған мәдени-бұқаралық шаралар еліміздің барлық облыстары мен түпкір-түпкірінде өтеді. Біздің жатақханамыз да қандай іс шара болсын қалыс қалған емес,соның бірі «Алғыс айту парызым» атты мерекелік кеш. Кеш өте ерекше көңіл күйде өтті.Студенттер өздерінің жүрек жарды тілектерін тілеп өнерлерін олтаға салды.

 

Қорыта айтқанда:Алғыс айту күні-Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық патриоттық идеясының Қазақстандағы барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын күн болсын дегім келеді

 

Жатақхана тәрбиешісі: Бирмаканова Ж.