Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде Үгіт-насихат жұмыстарының онкүндігі өткізілді. Онкүндіктің әр күнінде әртүрлі іс-шаралар қамтылды.
Соның бірі «Ұядан қанат қаққандар» тақырыбында ұйымдастырылған түлектермен кездесу кештері өтті. Кездесуді колледждің мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығының оқытушысы Сейполинова Айгерим Жанабаевна мен педагог ұйымдастырушы Бауыржанова Акмарал Бауыржанқызы ұйымдастырды.
Кездесуге Қапсалық Саяжан - № 6 А.Құнанбаев атындағы мектеп гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, Әміржан Наурызбек- А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназия мектебінің дене тәрбиесі мұғалімі, Қапан Олжас - Кейкі батыр атындағы № 4 орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі, Әбдрахман Ақбота - балалар музыка мектебінің оқытушылары келіп, білім алушыларға мамандықты таңдағанда қателеспеу керектігін, өздерінің қызықты оқиғаларымен, алғашқы ұстаздық жолдары жайында пікір-таласты. Білім алушылар түлектерге түрлі сұрақтар қойып жауаптар алды. Кездесу соңы музыкалық ән кешіне айналды. «Ұядан қанат қаққандар» түлектермен кездесу кеші жоғары дәрежеде өткізілді.
Нургазиева Бакытира Акансериевна
директордың оқу өндірістік
жұмысы жөніндегі орынбасары
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/501-8453132.html#sigFreeId2b00351423