ЖАРЫС
8 наурыз халықаралық Аналар мерекесіне орай Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі ханымдарына арналған спорттық ойындар бойынша жарыстар ұйымдастырылды.
Сайыстың мақсаты: Оқытушылар арасында мықты спортшыларды анықтау, бұқаралық спорт түрін насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бірлік қарым-қатынасты бекіту.
Жарыс наурыздың 4-і күні, «Жігер» стадионында өткізілді. Спорттық ойын түрлері: дартс, волейбол, баскетбол (себетке доп лақтыру). Сайыстарға 5 нәзік жандылар командасы қатысты: «Әкімшілік» командасы, «Гуманитарлық пәндер» бірлесітгі, «Жаратылыстану және педагогика» бірлстігі, «Шаруашылық» бөлімі, «Музыка» бөлімі. Жарысқа «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының оқытушылары басшылық етті. Ұжымымыздың әйел азаматшалары белсене атсалысып, қатысты.
Дартс ойыны бойынша командалық жарыста І орынды Музыка бөлімі, ІІ орынды Гуманитарлық бірлестіктер, ІІІ орынды Жаратылыстану және педагогика бірлестігі жеңіп алды. Ал жеке ұпай бойынша 81 ұпаймен Досжанова Л.Ч., 69 ұпаймен Бондаренко Р.А. және 61 ұпаймен Издибаева Д.М. жеңіп алды. Баскетбол бойынша 45 жастан жоғары 15 әріптестеріміз себетке доп лақтырып жарысты, нәтижесінде ұпай саны бойынша Алматова С.О., Нургазиева Б.А. және Байбосын Қ.Қ. алдыға шықты. Волейбол ойыны бойынша 5 команда қатысты. І орынды Әкімшілік командасы, ІІ орынды Шаруашылық бөлімі, ІІІ орынды Жаратылыстану және педагогика бірлестігі жеңіп алды. Сонымен қатар белсене атсалысқаны үшін колледжіміздің жасы ең үлкен оқытушы Елеупова Қ.Т. марапатталды.
Барлық қатысушылар сайысқа белсене атсалысты, спорттық іс-шара оқытушыларымызды сергітіп, бір-бірімен жарысуға ынталандырды. Жарысты ұйымдастыруға және қатысушыларды ынталандыру мақсатында колледж кәсіподақ ұйымы қаржылай көмек көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/517-8-nauryz-khaly-araly-jelder-merekesine-oraj-n-lzhanova-atynda-y-tor-aj-gumanitarly-kolledzh-o-ytushylary-n-zik-zhandylar-arasynda-tkizilgen-zharys.html#sigFreeId6ff8bf734a
Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі
«Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының оқытушылары
Мухамбетжанов Б.Б., Махатов Е.С.