Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Жакупова Гулим Маликовна

Н.Құлжанова атындағы Торғай

гуманитарлық колледжі

Дене тәрбиесі және спорт

мамандығының оқытушысы

  

Ақ түйенің қарны жарылған, Ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамы бойына барлық салт-дәстүрлер мен ұлт ерекшелігін жинаған ерекше күн. Бүгінде өз ерекшеліктерін, мәні мен мағынасын жоғалпаған Республика көлемінде тойланатын мерекеге, әрбір қазақ қалыс қалмаған.

   

Халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт дәстүрін 

 

Білім алушылардың бойына дарыту, бірлік қарым – қатынасты бекіту мақсатында Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі   Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай және 22 Наурыз   мерекесі қарсаңында оқытушылар мен білім алушылар арасында қазақтың ұлттық ойындары түрлерінен  жарыс өтті.

 

Жарысқа колледжіміздің бірінші курс білім алушылары мен топ жетекшілері қатысты.   Қол күрес, асық ату, өгіз тартыс, арқан тартыс, ою ойыу және салт – дәстүр жайлы сұрақ жауаптар болды.

 

Жарыстың  жалпы төрешілігін дене тәрбиесінің оқытушысы Жакупова Гулим Маликовна жүзеге асырды. Аталған жарысқа   5 команда болып   білім алушылары қатысты. Жарыстың қорытындысын төрешілер  алқасы қорытындылады. Нәтижесінде 1 орынды МД-11 тобы, топ жетекшісі  Нургазина Гулим Сейлбековна, 2 орынды ДМ-11тобы, топ жетекшісі Нугманов Сагадат Маликович, 3-орынды  БМ-11тобы, топ жетекшісі  Ақылбекова Луиза Бекетовна иеленді. Қатысқан жеңімпаз командалар және жекелей оқытушыларды және білім алушыларды қаржылай сыйлықтар және  мадақтама  қағазымен марапатталады.  

 

Қазақтын салт-дәстүрі мен әдет ғұрпын тамашалап, ұлттық ойындар ойнатылып қатысушылар бір-мәре саре болды. Сонымен ұлт ойындары  ата – бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз.