Еліміздегі жағдайға байланысты барлық іс шаралар онлайн режимде өткізілу қолға алынды. Дегенмен Ұлттық ерекшелігімізді айшықтайтын ұлы мереке Наурыз өз деңгейінде тойлану керек екеніне ешкім шүбә келтірмес. Барлық әлеуметтік қашықтық пен санитарлық талаптар мейлінше қатаң сақтала отырып Назипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде наурыз тойы тойланды. Мерекелік шара «Зияткерлік күн» шеңберінде өткізілді.
Ұлтымыздың ықылым заманнан қалыптасқан халықтық педагогикасында балалардың ешқандай мектепсіз ақ, ақыл ойын , зияткерлік қабілеттерін, дене тәрбиесі мен тәртібін, ізеттілігі мен адамгершілігін қалыптастырып, білімін дамытқан. Оз замандарда қалыптасқан әке мен ана, ата мен әже мектептері қазіргі заманауй мектептерді толық алмастыра білді.
Өскелең ұрпақты салауатты өмір салтына баулып, интеллектуалды ұлт қалыптастырып, осы бағытты келешектің темірқазығына айналдыру бүгінгі күннің негізгі мәселелерінің бірі.
Наурыз мерекесін «Зияткерлік күн» бағытында тойлау осы мақсаттарды негізге алады.
Қазақ халқының төл зияткелік ойындарының арасында шоқтығы биігі тоғыз құмалақ ойыны. Ұлы кемеңгер Абай Құнанбайдың өзі бұл ойынды үлкен қызығушылықпен ойнаған екен. Тоғызқұмалақ ақыл-ойды дамытатын, адамның қабілетін арттырып ми қызметін жетілдіретін зияткерлік ойын.
Тоғызқұмалақ--әлемдік мәдениетінің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын интеллектуалдық ойын, логикалық ойлау өнері.
Мереке барысында ұлттық зияткерлік ойындарға басымдылық танытылды. Бала ойын дамытуға бағытталған жаңылтпаштар сайысы, мақалды жалғастыр, жұмбақтар шешу логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған кешенді шаралар орын алды. Колледж қабырғасындағы ұйымдастырылған Наурыз мерекесіне қатысушылардың өзара ой өрісімен қатар сөздік қорын, сөз сараптау қабілетін байқау мақсатында «Айтыс» өнеріне де жол берілді.
Шара барасында барлық оқытушылар мен білімалушылар сахналанған шараларға қатысты. Ақ әжелеріміз шашуын шашып, наурыз көжесімен ұлыс мерекесін қарсы алса, балалар мен жастарымыз ұлттық ойындар ойнап, қара жорға биін нақышына келтіре орындады.7 түрлі дәннен наурыз көже пісіріліп, барлық қатысушыларға жеті түрлі дәм ұсынылды. Ынтымағы жарасқан мереке иелеріне Қыдыр ата қонаққа келіп ақ батасын берді.
Шара өз мақсатына толық жетті. Басты мақсат еліміздің ұлы мерекесін ұлықтау,ұлтымыздың кеңпейілділігі мен қонақжайлығын, меймандос халықтығымызды жастарға насихаттау. Қатысушы білімалушылар да оқытушылар да үлкен әсерде тарасты.
Ұлыс ынтымақтың мерекесі екеніне колледж қабырғасында атап өтілген осы шағын думан тағы да көзімізді жеткізді. Бір біріне молшылық пен жақсылық тілеген қалың көпшіліктің бір біріне деген шынайы ізгі көзқарасы ынтымақ пен достықтың көзқарасы екенінде сөз жоқ.Еліміздің берекесі мен ынтымағы жасай берсін.
Оразова Гулхашима Куандыковна –
Назипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің әдіскері.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/561-lys-merekesin-ly-tau.html#sigFreeId717a7d73ca