«Арқалық политехникалық колледжі» КМҚК жас мамандардың педагогикалық кәсіптік шеберлігі, әдістері, идеяларының негізгі мақсатын айқындайтын «Жаңғыру жолындағы жас маман» тақырыбында «Жас маман -2021» қалалық байқауын өткізді.
Аталмыш шараға біздің колледжден 3 жас маман Оразов Ниязбек Рамазанұлы- алғашқы әскери дайындық пәні оқытушысы, Сейполинова Айгерім Жаңабергеновна – мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушысы, Рябчинская Мария Александровна – музыка бөлімінің оқытушысы қатысты.
Байқау үл кезең бойынша өткізілді. 1 кезең «Таныстыру»ІІ кезең «Сабақ үзіндісі» ІІІ кезең «Өз өнерін көрсету» Байқауға қаламыздағы Көпсалалы колледж, медицина колледжі, политехникалық колледж және біздің гуманитарлық колледжден жас мамандар қатысты. Байқау қорытындысы бойынша Оразов Ниязбек Рамазанұлы - І орын, Сейполинова Айгерім Жаңабергеновна – «Ізденімпаз» номинациясына Рябчинская Мария Александровна – «Жаңашыл» номинациясына
Қалалық байқау жас мамандар арасында бір –бірімен тәжірибе алмасуға, өздерінің біліктіліктерін салыстыра отырып, тереңдетуге, шығармашылық дамуына, өз мүмкіндіктері мен кәсіби деңгейлерін көтеруге үлкен серпін бергені сөзсіз. Қол жеткізген жетістік жас мамандарымыздың шабытын қанаттандырып, биікке шарықтауына себеп болды. Жас мамандарға биік шарықтаулар мен жетістік тілейміз.
Оразова Гулхашима Куандыковна –
колледж әдіскері
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/563-zhas-maman-2021-alaly-baj-auy.html#sigFreeIdda97cfb415