Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

5-14 сәуір аралығында «Жаратылыстану және педагогика ПӘК бірлестігі» онкүндігі болып өтті.

 

Онкүндік тақырыбы: «Казіргі білім беру аясында мамандардың бәсекеге қабілеттілігін және кәсіби құзыреттілігін дамыту» Жаратылыстану және педагогика пәндік  әдістемелік бірлестігінің  онкүндігі.

Мақсаты: Оқытушылар мен білімалушылардың өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі дамыту негізінде    ұйымдастыру,  шығармашылық  белсенділігін, кәсіби және жеке қасиеттерін  қамтамасыз ету.

Міндеттері:-Оқу және  тәрбие жұмыстары нәтижесіндегі  кәсіби  біліктіліктен  білім алушының  кәсіби білім деңгейіне дейін көтерілу динамикасына басты назар аудару.

-Білім алушылардың  танымдылық  белсенділігін  арттыра отырып, ертеңгі күні сапалы білім бере алатын білікті маман даярлауға үздіксіз  әдістемелік көмек көрсету.

-Оқытушы мен білім алушының арасында жұптық қарым-қатынас орнату арқылы, студенттің жауапкершілігін, білімге деген қызығушылын арттыру

Іс –шараның ашылуы ,салтанатты түрде өткізіліп, құттықтау сөз сөйленді, онкүндік жоспары таныстырылды.  Ашылу салтанаты 1 курс студенттері үшін оффлайн, калған курс білімалушыларына онлайн форматта өткізілді.

Онкүндік жоспарында 1-4 курс білімалушыларына арналған зияткерлік, танымдық, дамытушылық және шығармашылық  бағыттардағы іс шаралар қарастырылған. Оқытушылар да жоспардан тыс қалмапты, оқытушыларға арналған сұрақ-жауап сайыстары жоспарда бар.

Онкүндік жоспарында 1 курс білімалушылары үшін қаламыздағы облыстық №2 әмбебап кітапханасына саяхат қарастырылған. Сондай ақ, «WorldSkills-2021» чемпионатының колледжішілік іріктеу кезеңі онкүндіктің екінші күніне қойылған. Чемпионат «Бастауыш білім беру» және «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандықтарының 2-3 курс студенттері арасында өткізіледі. Байқау білімалушыларға өз деңгейін байқап көруге, бір –бірімен білім деңгейін салыстыруға үлкен мүмкіндік болды.

Барлық шаралардың қорытындысы онкүндіктің жабылу салтанатына арналған шарада жеңімпаздарға табысталады.

 

Жаратылыстану және педагогика пәндері оқытушыларының пәндік-әдістемелік бірлестігі онкүндігінің  жоспары

 

Күні уақыты

Іс-шаралар атауы

Тобы, өтетін орны

Жауаптылар

1.

5.04.2021

Ашылуы, апталық жоспарымен таныстыру

1  мәжіліс залы, барлық студенттер

ПӘК  жетекшісі Насрединова А.Е, ПӘК оқытушылары

2

6.04.2021

«WorldSKills 2021» колледжішілілік сайсы « Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша

302, 111 мәжіліс залы МД-43 тобы, МД-32 топтары

Хасенова З.Р, Насрединова А.Е

3.

7.04.2021

Кәзіргі білім беру аясында қашықтан оқытудың тиімділігі мен мүмкіндігі» пікірталас

БМ-23, БМ-42

Назарова Г.К, Абдилдина К.С,Әждарова Б

4.

8.04.2021

«Ғажайып ғарыш әлемі» оқытушылар арасында интеллектуалды ойыны

ЗУМ платформасы сағ 15.00

Аубакирова Т.У, Булекова А.Е

5.

9.0.4.2021

«Ғаламтордың пайдасы  мен зияны» дөңгелек үстел

БМ-12 сағ 14.00

Каппасова Ш.Е, Халыкова Г.А

6.

10.04.2021

Бітіруші білімалушылардың түлектермен кездесу ЗУМ  платформасы арқылы «Ұрпақ тәрбиесі-болашақ тірегі»

МД—31, МД-42, МД-43

Хасенова З.Р, Білісбекова Д.Б, Нургазиева Б.А

7.

12.04.2021

Колледжішілік  үздік ғылыми мақала байқауы

1 курстар арасында

Ерік.Ж.Р, Шакиров Б.А

8.

13.04.2021

«Кітап білім қоры» қалалық әмбебап кітапханасына саяхат, кітапхана тынысымен тарыстыру

1 курстар арасында БМ-11, БМ-12, муз 1курс

Издибаева Д.М, Ақылбекова Л.Б

9.

14.04.2021

«WorldSKills 2021» «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша колледжішілік сайсы

302,111 мәжіліс залы БМ-31, БМ-23, БМ-22, БМ-32

Оразова Г.К, Ақылбекова Л.Б

10.

15.04.2021

Жабылуы, қорытынды марапаттау рәсімі

1 мәжіліс залы

ПӘК жетекшісі Насрединова А.Е, ПӘК оқытушылары