«WorldSkills-2021» турнирі колледжішілік деңгейде өткізілді.
«Жаратылыстану және педагогика» ПӘК бірлестігінің онкүндігі жоспары шеңберінде «WorldSkills-2021» турнирі мектепке дейінгі оқыту және тәрбие мамандығы білімалушылар арасында өткізілді.
Шара мақсаты: Білімалушылар арасында кәсіби бәсекелестік қалыптастыру, облыстық турнирге қатысуға үздіктерді анықтау.
Жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеру мақсатында Жыл сайын дәстүрлі түрде Халықаралық деңгейде өткізілетін «WorldSkills» турнирі биыл тұңғыш рет Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде де ұйымдастырылып өткізілді.
Турнирге «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша 4 сайыскер катысып, өзара сынға түсті.
Турнир ережесіне сәйкес қатысушылар 5 модул бойынша кәсіби шеберліктерін көрсетті.
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша
А модулінде «Менің сүйікті қалам» тақырыбында сабақтан үзінді көрсетті.
В модулі бойынша «Үй тапсырмасы» бойынша жоба қорғау байқауы өтті.
С модулі бойынша ағылшын тілінде дене тәрбиесі сабағынан үзінді өткізді.
Д модулі бойынша «Толағай» ертегісін түсіндіріп, сахналады. Ертегі арнайы конверттерге салынған ертегі тақырыптарынан таңдалды.
Е модулі бойынша «Ата аналар жиналысын» өткізді. Қатысушылар өздерінің кәсіби деңгейін, мамандықты қаншалықты игергендігін, шеберліктері мен, біліктілігін, шығармашылығын көрсете білді. Осы мамандық бойынша қатысқан 4 қатысушы төмендегідей нәтиже көрсетті.
Бас жүлде: Русланқызы Сымбат МД-43 тобының студенті;
І орын Қуанышбек Биязы Берікқызы МД-32 тобының студенті;
ІІ орын Жапар Ақзат МД -32 тобының студенті;
ІІІ орын Бурабай Арайлым МД -32 тобының студенті иеленді. Жүлдегер осы мамандық бойынша облыстық деңгейде өтілетін турнирде колледж намысын қорғауға ұсынылды. Турнирге қаламыздағы «Алпамыс» балабақшасының әдіскерлері мен тәрбиешілері сарапшы ретінде қатысып, төрелік жасады.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/567-worldskills-2021-turniri-kolledzhishilik-de-gejde-tkizildi.html#sigFreeIdacdaaa3b89