Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Педагог –психологтардың кәсіби  біліктілігі

 психологиялық ахуал тұрақтылығының кепілі

Арқалық қаласы әкімдігінің білім бөлімі ММ тапсырысымен Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің жанынан құрылған «Жасампаз- жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігі, психологиялық қызметті ұйымдасттыру мәселесінің теориялық зерттелуі және оны тәжірибеде қолданудың тиімді жолдарының  айқындалуы» бағдарламасы аясында «Психологиялық қызметті ұйыымдастыру» жобасы жүзеге асырылды.

Жоба мақсаты: Білім беру ұйымдарының педагог-психологтарының жұмысын ұйымдастыру диагностикалық және түзету әдістемелерін тиімді пайдалану, мамандардың кәсіби құзіреттілігін арттыру.

Аталмыш жобаның жүзеге асыру жоспарына сәйкес, 2021 жылдың  24 – 30 мамыр аралығында педагог-психолог мамандардың құзіреттілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылатын оқу - жаттығу семинар сабағы  ұйымдастырылып өткізілді. Семинарға барлық қала және ауыл мектеп және балабақшаларының педагог-психологтарынан, жалпы саны 45 адам қатысты.

7 күнге жалғасқан оқу семинарында психолг мамандар кәсіби біліктілігін арттыруда, теориялық және тәжірибиелік жұмыстарға қатысып, психологиялық диагностика жасау, түзету, бақылау, сараптама жасау тәсілдерін меңгерді. Курсты «Нұр-Сұлтан» қаласы психологтарының қоғамдық бірлестік өкілі Молдабекова Акгул Бектибаевна жүргізді.

Курсқа қатысқан психолг мамандар «Мектептегі психологиялық қызметтің маңызы және оны ұйымдастыру жолдары» тақарыбындағы педагог-психолог мамандардың кәсіби құзіреттілігін арттыру бойынша 72 сағат көлемінде оқу курсын аяқтады. Семинар сабақ қазіргі таңда өршіп тұрған жасөспірімдер арасындағы психологиялық ахуалды қалыпты жағдайға келтіруге өз септігін тигізеді деп сенеміз.

Семинар сабақ  барлық санитарлық –эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып штаттық режимде өткізілді. 

 

 

«Жасампаз» жастар ұйымы

қоғамдық бірлестігінің төрайымы:                            Г.К.Оразова