Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

«PLAY and LEARN»

Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде Тілдер күніне орай ағылшын тілі пәнінің оқытушылары Б.Мейрамова, А.Жургимбекованың ұйымдастыруымен «PLAY and LEARN» тақырыбында зияткерлік ойын өтті. Зияткерлік ойынға 3-курс студенттері қатысып, осы уақытқа дейінгі алған білімдерімен бақ сынасты. Бұл сайыс білім алушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын арттырумен, білім деңгейлерін анықтау мақсатында ұйымдастырылды.

Зияткерлік ойын 5 кезеңнен тұрды:

1.Warming up.

2.Famous people of Russia.

3.Famous people of Britain and the USA.

  1. Tastest differ.

5.The musical Cascet.

Аталған кезеңдер бойынша білім алушылар ағылшын тілінен үздік білімдерін көрсетті.Сұрақтарға жауап берді, әннің әуенін тыңдап, атауы мен орындаушысын тапты, сәйкестендірді. Зияткерлік ойын қорытындысы бойынша «Бастауыш білім беру» мамандығының 3-курс студенттері БМ-33 тобы жеңімпаз атанды.

Мейрамова Б.