Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің жатақханасында 29.09.21 ж қарттар күніне орай «Қарттарын қадірлеген  ел ардақты» атты мерекелік іс шара өтті. Мерекелік кездесудің мақсаты: студенттеріміздің бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата-бабасын ардақтап өтумен инабаттылыққа, жаман мен жақсыны ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу болды. Іс-шара өз деңгейінде өтті. Жатақханамыздың студенттері қарт-қарияларымызға деген құрмет қошеметтерін өнерлері арқылы жеткізе алды. Жібек қызымыз сөзі мен үні үйлескен монолог оқып, оны көрген  қонақтар мен көрермендер тебіреніп көздеріне жас алды. Мың бұралған биші қыздарымыз да дарынды қабілеттерін керемет биі арқылы көрсетті. Жатақханамыздың бұлбұл әншісіне айналған 1 курс студенті Аружан да қоңыраулатқан әнімен қарияларымыздың көңілінен шықты. Іс-шара барысында көркем сөзбен көңілді күйде болды. Көркем сөз оқылғанда ата-әжелеріміз шат-шадыман күйде отырып қол шапалақтап риза болып қалды. Қарттарымыз батасын беріп, ізгі тілектерін айтты. «Орамал тон болмайды, жол болады» демекші  қарттарымыздың құрметіне орай ата-әжелерімізге сыйымызды тарту еттік. Балаша мәз болған қарияларымызды аса құрметпен қарсы алып, қимастықпен шығарып салдық. Іс-шарамыздың жақсы өткенін қарияларымыздың алғыс айтқанынан  біле алдық.  Қанеш атамыз сондай ашық ақкөңіл кісі екен студенттерімізге ақ батасын беріп үлкен алғысын айтып, «Жастар, болашақ мына  сендердің қолдарыңда»,- деп білімді білімпаз болуға, елін- жерін сүйетін азамат азаматша болуға шақырды.

Тиыштық апамыз да  жүрек-жарды ақ тілектерін жаудырды. «Еліміз аман жұртымыз тыныш болып, бейбітшілік заман орнасын»,- деп тілек тіледі., қарттар күні мерекесіне  шақырғандарыңызға рахмет деп үлкен алғысын білдірді.

 

Н. Құлжанова атындағы ТГК жатақханасының тәрбиешісі:

Искендирова Жанарым Максутбековна.