«Көңілді мәре»
Қазақстан Республикасының 30 жыл толу қарсаңында және ұстаздар күнін мерекелеу аясында оқытушылар және қызметкерлер арасында «Көңілді мәре» жарысы өткізілді. Жарыстың негізгі мақсаты ұжымының спортқа деген қызығушылығын арттыру салауатты өмір салтын қалыптастыру және бірлік қарым қатынасты бекіту. Бәсекелес топтың мүшелері спорттық сынға қызығушылықтары жоғары екендігін көрсетіп, жеңіске жету жолында бар жігерлерін жұмсады. Колледжіміздің 40 тан аса оқытушылары (45 жасқа дейін және кейін) жас ерекшелігіне байланысты екі топқа бөлініп жарыс алаңына шықты.
«Эстафета таяқшасын алып жүгіру», «Допты жоғарғы жақтан өткізу», «Секіртпемен жүгіру», «Допты аяқ астынан өткізу», «Боулинг», «Орнынан тұрып секіру», «Кім жылдам», сынды ойындары да тартысты ұйымдастырылуымен ерекшеленген болатын. Жарыстың қорытындысында әділқазылар алқасының құрамы қатысушылардың шыдамды қабілеттеріне ризашылықтары білдіріп, алғыстарын жеткізді.
Көзге түскен үздіктер жүлделі дипломдармен марапатталып, барлығына ақшалай сыйлықтар табысталды.
Жакупова Гулим Маликовна
Дене тәрбиесі және спорт
бөлімінің оқытушысы
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/729-k-ildi-m-re.html#sigFreeId8c661489d8