Тәуелсіздікке қолымыз жеткеннен бері ұлттық тарихымыздың қадір-қасиеті мен өзектілігі күн санап артуда.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерекеге орай Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің 1 курс білім алушылары арасында «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты Квес тур ұйымдастырылды. Турдың мақсаты-білім алушылардың Қазақстан тарихын қаншалықты білетіндігін, сөз шешендігін, мергендігін, жылдамдығын, ойлау дағдысын тексеру. Сайысқа 6 топ, әр топта 5 білім алушыдан, барлығы 30 білім алушы қатынасты. Турда 5 аялдама болды. Турды ұйымдастырушылар тарих пәнінің оқытушылары Мырзағалиева Айнур Балгабаевна, Уахитова Алмагул Абдуалиевна, Нургазина Гулим Сейлбековна.
1 аялдама: «Ел тарихының білгірлері». Бірінші аялдамада әр топқа ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойына байланысты сұрақтар қойылады, әр дұрыс жауап бір ұпайдан саналады. 2 аялдама: «Мергеннің көзі де мерген, қолы да мерген» екінші аялдамада қазақтың ұлттық ойындарының бірі асық ату ойыны арқылы білім алушыларымыздың мергендігін сынау мақсатында ұйымдастырылады. Әр ойыншының атқан асығына байланысты ұпай жиналады. 3 аялдама: «Даталар сөйлейді» биылғы жылдың атаулы даталарының сәйкестігін табу арқылы білім алушылар өздеріне ұпай жинайды.
4 аялдама: «Жылдамдық, шапшаңдық, білімділік» бұл аялдамада барлық топ мүшелері кедергілерден өту арқылы фиништағы жасырын сұраққа жауап береді. Жасырын сұрақтар колледжіміздің тарихына байланысты болды.
5 аялдама: «Менің арманымдағы Қазақстан!» бұл аялдамада білім алушыларға түрлі түсті борлар беріледі, білім алушылар өздерінің қиялындағы Қазақстанды бейнелеп салып қорғайды.
Әр сайыстың өз жеңімпазы болары анық, бәрінен алға шығып барлық тапсырмаларды тиянақты орындаған баллдық есеппен ДМ-11 тобы бірінші орынды жеңіп алса, 2 орынды –МД-11 және БМ-12 топтары, 3 орынды- Саз -1, БМ-13, БМ-11 топтары жүлделі орындарға ие болды. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Нургазина Гулим Сейлбековна
Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық
колледжінің тарих пәнінің оқытушысы,
педагогика ғылымдарының магистрі.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/731-t-uelsizdik-m-gilik-eldi-t-yry.html#sigFreeId71ccff5542