Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледж

 жатақханасында өткен «Болмасаңда ұқсап бақ»

әзіл-сықақ кеші

 

Пародия дегеніміз — белгілі бір шығарманы немесе оның авторын, әдеби ағымды, тұтас бір жанрды соған еліктей сынап-сықақайтын әдебиет, театр, музыка және эстрада жанры. Пародия сын объектісіне, мақсатына қарай юморлық және сатиралық болады. Қазақ әдебиетінде пародия нышандары халық ақындары шығармасынан, ақындар айтысынан байқалады. Театрда, циркте және эстрадада пародия міндетті түрде пародияланып отырған затты танытуды көздейді. Жатақханамызда жоспар бойынша «Болмасаңда ұқсап бақ» әзіл-сықақ кеші өтті.

Мақсаты: Студенттерге қазақ өнерін дәріптеп,тәрбиеленушілерді өнерге баулу және олардың арасында дарынды өнерпаздарды табу.

Кештің бөлімдерімен таныстырылды:

  1. Әншілерге пародия жасау қажет.
  2. Эстрада тобына пародия
  3. Заманауй би
  4. Клип көрсету

         Әділ қазылар алқасы сайланды. Олар: ТГК тәрбие ісінің меңгерушісі: Гүлхашима Қуандыққызы, Жастар ұйымының жетекшісі: Ниязбек Рамазанұлы, Жатақхана президенті: Бейсенбай Амандық. Кешке 2-3-4-5-6 қабат ттұрғындары қатысты. Барлық қабаттар жоғары деңгейде дайындықтарын көрсетті. Жатақхана студенттері әрбір бөлім бойынша өнерлерін бірінен соң бірі ортаға салды. Кеш өте қызықты, әрі көңілді өтті. Бас жүлдені - 4қабат, 1-орынды 6-қабат, 2-орынды 3-5 қабаттар, 3-орынды 2-қабат иеленді. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымет, сыйлықтармен марапатталды.

Жатақхана тәрбиеші: Бирмаканова Ж.Х.