«Мен кәсіпкермін» білімалушыларды
кәсіпкерлікке баулу оқу семинары өткізілді
Колледж студенттерін кәсіпкерлікке байлу мақсатындағы республикалық «Мен кәсіпкермін» жобасын жүзеге асыру мақсатында колледж жоғары курс студенттерімен оқу семинары өткізілді. Семинарға кеңесші ретінде «Іскер жастар кеңесі» Қоғамдық бірлестігінің модераторы Рахметов Жандос Сергазиевич шақырылды. Семинар барасында кәсіпкерліктің қыр сырымен таныстырылып, ҮЕҰ ашып немесе қоғамдық бірлестік құрып, келешекте қалай жұмыс істеуге боладындығы түсіндірілді. ҮЕҰ арнайы әділет басқармасына тіркеу арқылы, қаулысын әзірлеп, арнайы құрылтайшылар құрып, қоғамдық ұйымды ашу жолдары көрсетілді. ҮЕҰ мемлекеттік гранттар мен мемлекеттік әлеуметтік лоттарға қалай қатысуға болатын жолдары, жобаларды әзірлеп, қоғамда бекітілген жоспар бойынша жұмыс істеу жолдары түсіндірілді. Осы тақырыптар бойынша семин,ар қатысушыларымен тәжірибелік жұмыстар жүргізіліп, бизнес жоба құру жолдары үйретілді. Сондай ақ, ҮЕҰ ашпай-ақ, қалай бастамашы топпен жұмыс істеуге болатыны жайлы ақпарат берілді. Бұл болашақ түлектеріміздің өз мамандығы бойынша жұмыс таппай жатқан жағдайда тығырықтан шығуға көмектеседі және өз мамандығымен қатар қосымша табыс көзі ретінде қолдануға болатын теңдесіз мүмкіндік екені түсіндірілді.
Оразова Г.К.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/764-men-k-sipkermin-bilimalushylardy-k-sipkerlikke-baulu-o-u-seminary-tkizildi.html#sigFreeId4a6143171e