Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде 30 - шы қазан күні күз мерекесіне орай білім алушылардың білімділік және шығармашылық деңгейін арттыру мақсатында «Мистер және Мисс» байқауы ұйымдастырылды. Дарындар өнер көрсетіп, өзара бақ сынасты. Байқау 4 кезеңді қамтыды: «Таныстыру», «Пародия», «Күзгі ас мәзірі», «Сиқырлы әріптер».

 

Байқаумызға 12 жұп қатынасты, олардың ішінде: №1 БМ-13 тобынан Жантулина Айсауле - Батырхан Ислам №2.БМ-42 тобынанМамбетов Нұржан - Саруарова Сабина №3.Муз -1 тобынан Амандық Нұрсая - Қожанов Әділхан №4.МД-21 тобынан Теміржанов Нұрсат - Байтұрғанова Жанбота №5.Мд-42 тобынан Жүнісбек Жәнібек - Марат Таңшолпан №6.Бм 12 тобынан Жақсылық Айда - Искаков Мұхаметқали №7.БМ-22 тобынан Жаңбыршы Қызғалдақ - Махатов Нұрхан №8.БМ-32 тобынан Самат Мади- Тойшубекова Айым №9.БМ-21 тобынан Толеуова Аружан - Нұржан Дәулет №10.МД-31 тобынан Қуаныш Бақытжан- Бекқасым Аруна №11.БМ-11тобынан Сейтқұл Манас-Сайлаубай Аружан №12.ДМ-21 тобынан Жалғасбай Қажымұрат-Хасен Әсем.

 

Үміткерлер әр кезеңге жоғары деңгейде дайындықпен келген, өзара ауызбіршілкті, зор ізденісті байқауға болады. Мәселен, алғашқы кезеңде жұптардың таныстыруы дәстүрлі түрде емес, бейнебаян түрінде көрініс тапқан, «Пародия» бойынша жалынды жастардың көрерменге ұсынған жаңалығы көшілікті таңдай қақтырды. «Сиқырлы әріптер» кезеңі қиыннан қиыстырылған сұраққа қызықты жауап беуімен ерекшеленсе, «Күзгі ас мәзірінде» қатысушылар өздерінің тапқырлықтарымен, әсемдікке жақындықтарымен тағы бір мәрте қуантты. Заман сұранысына ие фасфут өнімдері, әртүрлі дәмдер аздаған минутта дайын болды.

 

Көрермендердің ықыласына бөленіп, қатысушылар өте тамаша өнер көрсетіп, жақсы көңіл күй сыйлады. Сайыс соңында колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гулхашима Оразова қорытынды сөз сөйледі.

 

Сайыс тартысты өтті. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, Қазылар алқасы мүшелерінің бірауыздан шығарған шешімі бойынша келесі нәтижелер болды:

 

Бас жүлдеге иеленген Толеуова Аружан - Нұржан Дәулет І – орын Жақсылық Айда – Искаков Мұхаметқали, І – орын Мамбетов Нұржан - Саруарова Сабина, ІІ – орын Жантулина Айсауле - Батырхан Ислам, ІІ – орын Жүнісбек Жәнібек - Марат Таңшолпан, ІІІ – орын Жалғасбай Қажымұрат - Хасен Әсем, ІІІ – орын Жаңбыршы Қызғалдақ – Махатов

 

Талантты жас буынның талпыныстары жоғары. Алдағы уақытта биіктен көріне беруіне тілектеспін. Болашағынан зор үміт күттіретін өрен­дерге сәттілік серік болғай.

 

 

Жастар ісі жөніндегі

комитетінің төрағасы:

Оразов Ниязбек Рамазанұлы

Арқалық қаласы