Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің «Бастауыш білім беру» мамандығының 3 курс БМ-32 тобының білім алушылары 1-4 сыныптарға сынып жетекшілік және кезекті сабақ кестесі бойынша өздеріне бөлінген сабақтарды ұйымдастыруда. Педагогикалық тәжірибе барысында мектеп әкімшілігі білім алушыларымыздың сабақтарына кіріп, талдау жасап, өткізген сабақтарына ризашылықтарын білдіруде.
Мысалы: Қаби Мөлдір - 4 «Б» сыныбына әдебиеттік оқу пәнінен «Даналық сөздер», Кенжеғара Арайлым – 1 «Ә» сыныбына дүниетану пәнінен «Отбасы мерекелері» тақырыбында өткізген сабақтарын атап өтуге болады. Білім алушыларымызға педагогикалық тәжірибелеріне сәттілік тілейміз.
Нургазиева Бакытира Акансериевна
директордың оқу өндірістік жұмысы
жөніндегі орынбасары
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/811-mekteptegi-baj-au-t-zhiribesi.html#sigFreeId69900181c0